29 Kyzyl orda korrupcia 1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамдағы жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мұрат Бектұрғанбекұлы Искаковпен кездесу өткізілді.
29 Kyzyl orda korrupcia 2 Мұрат Бектұрғанбекұлы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жүргізді. Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, кездесуге қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуге шақырды.
Семинар соңында қызметкерлерге тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі