35 Jambyl Korrupc 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Даниловтың төрағалығымен департамент алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаевтың қатысуымен жеке құрам арасында сыбайлас жемқорылқтың алдын алу және жол бермеу мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.
Әділхан Әшірбаев өзінің сөз сөйлеуінде құқық қорғау органдары арасында жол берілген сыбайлас жемқорлық қылмыстарына мысал беріліп, өткізілген шаралардың басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылатындығын атап өтті.
Равиль Төлебаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзбауға шақырып, бақылау функцияларын атқару кезінде лауазымдық өкілеттіктерін өзінің пайдасына қолданбау қажеттігін атап өтті.
35 Jambyl Korrupc 2 Бағдат Данилов жиынға қатысушылардың назарына облыс көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс жайлы жеткізіп, сонымен қатар аудандық бөлімшелерде жиналыс өткізу барысында тәжірибелік және әдістемелік көмек берілетіндігін атап айтты.
Жиналыс отырысы барысында қызметкерлерге құқық қорғау органдарының және мемлекеттік қызметкерлердің пара алу кезінде ұстау фактілерін айғақтайтын бейнероликтер көрсетілді. Мұндай шараларды жүйелі түрде өткізу оң нәтиже беретіндігі туралы екі мемлекеттік органнның басшылары атап өтті, өйткені 2019 жылғы өткен кезеңінде және 2018 жылы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарын жасау фактілері тіркелмеген.
Жалпы, ТЖД және бағынысты бөлімшелердің жеке құрамы арасында тәртіпті қатаң сақтау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл басынан кәсіби дайындық сабақтары негізінде 92 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: дөңгелек үстелдер – 14, дәрістер – 52, семинарлар – 26. БАҚ-та өткізілген шаралар туралы 27 мақала жарияланды.
Іс шара түсірілімі облыстық «Қазақстан - Тараз» және «77 тв» телеарналарымен жүргізілді, журналисттерге сұхбатты Департамент бастығы берді.
 
Жамбыл облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімі