25 Atyrau korrupc 1 2019 жылғы 30 мамырда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Р. Б. Бляловтың төрағалығымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - әрбір азаматтың міндеті"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - әрбір мемлекет азаматының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу міндеттерін түсіндіру болып табылады.
25 Atyrau korrupc 2 Аталған шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Самат Саламатұлы Сағытжанов, Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді жою сарапшысы Орынжан Рзабекұлы Рзабеков қатысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет», – деді С. Сағытжанов.
«Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде», - деді О. Сағытжанов.
«Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық», деп қорытындылады Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы Г.Нарегеева.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыспен ұсталған қызметкерлер жайлы видеороликтер көрсетілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлері тыңдала отырып, ұсыныстары енгізілді.
 
Атырау облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі