24 Turkestan Korrupc 1 Түркістан қаласында орналасқан Департаменттер үйінің мәжіліс залында 2019 жылғы 30 мамыр Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша жиналыс өткізілді.
24 Turkestan Korrupc 2 Жиналысқа Түркістан облысы ТЖД жеке құрамы, Өрт сөндіру қызметі жеке құрамы, ТЖ Басқарма, бөлім және өрт сөндіру бөліністерінің бастықтары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент өкілі, Дін істерін зерттеу орталығының өкілі қатысты.
24 Turkestan Korrupc 3 Жиын барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар бөліністері арасында «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта түсірілген бейнероликтің жеңімпазын анықтау мақсатында, белсенді қатысып шығармашылық идеясын көрсеткен аудан, қала басқарма, бөлімдерінің бейнероликтері көрсетілді.
Сонымен қатар «Дін істерін зерттеу орталығының» өкілі сөз сөйлеп, «Діни экстремизмнің алдын алу» бойынша түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында «Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта түсірілген бейнероликтердің жеңімпаздары анықталып, 1,2,3 орын иегерлерін Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусов грамоталармен марапаттады.
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы