31 PVLDR korrupcia 1 «Нұр Отан» партиясының Павлодар қалалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Пікірталас басында жиналғандар алдында Қоғамдық кеңестің төрағасы қалалық мәслихат депутаты Виктор Петрович Пряхин сөз сөйледі, ол елде, облыста және қалада өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ауқымдылығына назар аударды, қатысушыларға Қоғамдық кеңестің қызметі туралы айтты.
Депутат алдын алу іс-шараларына, олардың тиімділігіне баса назар аударды, сондай-ақ депутаттардың қоғамдық кеңесімен қарастырылған халықтың сенімін жоғалтқан, парада ұсталғандың мысалдарын келтірді. Сыбайлас жемқорлық қоғамды өрмекші сияқты торына түсіреді. Ол күш құрылымдарында да бар. Оны дөңгелек үстел қатысушыларына облыстың өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Нариман Әбдікәрімұлы Мурсалиев баяндады. Спикер басшылықтың ерекше есебінде кадр қызметі, мемлекеттік сатып алу және отынның жұмсалуын бақылау бар екенін атап өтті, себебі бұл бағыттарда сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Осы жұмыстың жалғасында № 34 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Исқара Дастан Абукумарұлы әрбір бөлімшеде профилактикалық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылатынын атап өтті. Қызметкерлерге қысқа метражды фильмдер көрсетіледі, жеке құрамның тергеу изоляторларына баруы тәжірибесі қолданылады.
31 PVLDR korrupcia 2 Қазіргі таңда астаналық жобаға ұқсас іске қосылған «Ертіс – адалдық алаңы» облыстық жобасы іске қосылғанын айта отырып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу және алдын алу бойынша әңгімені қолдады. Департамент өкілі колл-орталықтың телефонын айтты, ол номерді теріп, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерін көрсетуге болады.
Облыстың ТЖ органдарының бас ардагері Какима Хайрулловна Асқарованың сөз сөйлеуі ерекше назарды аударды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бір аспектісі, ең алдымен, моральдық-адамгершілік, патриоттық тәрбиеден басталады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап 25 жыл ішінде мемлекетте экономиканың өсуі, азаматтық қоғам институттарының дамуы аз емес. Руханилық-қазір осыған назар аудару керек. Біз жас ұрпақты қалай тәрбиелесек, қоғам солай қозғалады. Егер адам рухани жағынан тәрбиеленсе, ол ешқашан сыбайлас жемқорлық жолымен жүрмейді», - деді Какима Хайрулловна.
«Біздің мемлекетіміздің болашағы біз қандай жастарды тәрбиелейтінімізге, олардың жүрегі, ақыл-ойы айқын болатынына байланысты. Бейбітшілікті сақтау, байлықты көбейту тек қана жұмыла жасағанда ғана мүмкін болады», - деп атап өтті ардагер.
 
Павлодар облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы