28 ZKO Korrupcia 1 Қазіргі таңда жемқорлық кез келген елдің экономикалық өсуіне кесірін тигізер басты факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстанда бұл мәселемен күреске жалпымемлекеттік мәртебе беріліп, қоғамдық әрі саяси ұйымдармен бірге жолын кесу, алдын алу бойынша көлемді шаралар жүзеге асырылуда.
28 ZKO Korrupcia 2 Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар БҚО ТЖ Департаментінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2018-2020 жылдарға арналған жемқорлықпен күрес бағдарламасына сай бөлімшелерде жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтарды уақтылы алдын алу кешенді іс-шаралары құрастырылды.
28 ZKO Korrupcia 3 Өткен сенбі күні, яғни 29 маусымда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жүргізілген шара айқын мысал. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – онымен күрестегі әсерлі қару, және де осы мақсатта Департаменттің жас 10 қызметкеріне РУ170/1 түзеу мекемесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталған бұрыңғы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында, жас қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық әрекетінің қиын зардабын шегу, және ең бастысы отбасы, туыстары мен жақын адамдарды ойлаған абзал екендігі туралы айтылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жемқорлықпен күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін, Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыты екендігін бірнеше қайта атап өткен болатын. Мемлекеттің және қоғамның, бизнестің өзара сенім, жауапкершілік, серіктестік, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуы, құқықтық түсінігі негізінде бірігуі арқасында ғана біздің еліміздегі жемқорлық деп аталатын қоғамдық кесірді жоюға мүмкіндік береді.
 
М.Алекешев
Батыс Қазақстан облысының ТЖД
кадр саясаты бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны