krug aktobe 2 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні шеңберінде «Нұр-Отан» ХДП Мәртөк аудандық филиалы төрағасы орынбасарының төрағалығымен аудандық ТЖБ мен №11 ӨСБ жеке құрамымен дөңгелек үстел өтті.
Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Мәртөк аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Ж. Длимов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ қайғымыз» тақырыбына бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықтимал іс-қимыл тәсілдері туралы пікір алмасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын іске асыру мәселелерін талқылады.
Талқылаудың нәтижесі бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ міндет және бұл жұмыстың тиімділігі көбіне ортақ күш-жігерге байланысты екені атап өтілді.
Ақтөбе облысының ТЖД
Мәртөк ауданының ТЖ бөлімі