sovet kyz

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Аталмыш отырысқа департаменттің Ардагерлер кеңесінің және осы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілі  Мақсұт Баекеев, Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев,   «Сыр дидары» газетінің құрылтайшысы Ағыбай Орынбаев, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Сайд Молдақараев, ТЖД Кадр жұмысы бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов қатысты.

Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты.  Одан соң Кадр жұмысы бөлімінің бастығы  департаменттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндама оқыды. Баяндамада: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Департаментте іс-шаралар өткізу жалғасын табуда. Департаменттің және оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері, прокуратура, салық органы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер және қоғамдық институт өкілдерінің қатыстырылуымен «дөңгелек үстелдер» ұдайы ұйымдастырылуда. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қабылдау «бір терезе» қағидасы арқылы жүзеге асырылып келеді. Департамент басшылығы қызметкерлер үшін әңгімелесу сағаттарын жүргізуде...» ,-деді.

Сонымен бірге «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің өкілдеріне де сөз кезегі беріліп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.

Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова  баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру  туралы  өз пікірін білдірді.

Қоғамдық кеңес отырысына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де шақырылды.

 

Айгүл Нұрманова,

Қызылорда облысы ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы