Duzakbayev Қаңтардың 31-і күні Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің халқын жыл сайынғы Жолдауымен таныстырды. Биылғы жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының үшінші жаңғыруының артықшылығын атап өтті.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Мемлекет Басшысы келесіні атап өтті: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет».
Сонымен қатар өз Жолдауында Президент әр қазақстандықтың жемқорлықпен күресудегі маңызды рөлі жайында айтты: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты».
25 жылдық даму жолында біздің еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет Басшысы алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Біздің ортақ міндетіміз - Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру.
 
Азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев
Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы