Posl Pavl 1 Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә.Ә.Длимов Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы "Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" бойынша түсінік берді.
ТЖ аумақтық органдарының басшысы тыңдаушылардың назарын елдің экономикалық дамуының бес негізгі артықшылығына аудара отырып бұл Жолдаудың негізгі мәнін түсіндірді.
Сөзсіз, жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауы – республиканың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Бұл нақты тәжірибелік іс бағдарламасы, барлық қазақстандықтарға қатысы бар, сонымен қоса бізге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне сөзсіз қатысты. Жолдауда маңызы аз емес рөл адамдардың капиталын жақсартуға бұрылған. Бізге кадр құрамына байланысты талаптарды жақсарту, барлық қызмет бөлімшелерін материалдық-техникамен қамтамасыз ету керек, өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыста жаңа технологиялар мен зерттеулерді қолдану қажет. Posl Pavl 2 Алдыңғы Жолдауларындағыдай Президент әлеуметтік мәселелерді шешуге, зейнетақы, жәрдемақыны жоғарлату, баспанамен қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.
Әлібек Әбдікәрімұлы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың пайда болуының алғы шарттары мен себептерін жою сұрақтарына жеке тоқталды.
Бұдан кейін жиналыста авариялық-құтқару қызметінің жұмыс қорытындылары тыңдалды. Жұмыс нәтижелері, жеткен жетістіктер мен кемшіліктер туралы қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Көшкеев ақпараттандырды. Сондай-ақ, бөлімше және басқарма бастықтарының есептері тыңдалды.
Оқыту жүйесінің жағдайы мен дамуы, 2016 жылғы біліктілікті арттыру және қайта даярлау, дайындықтар туралы кәсіби даярлау мектебінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.А.Абуов баяндады.
Кездесудің қорытындысын шығара отырып Ә.Ә.Длимов барлық күш жігер мен білімді қойылған тапсырмаларды табысты орындауға бағыттау қажеттілігін атап өтті. Бұл үшін бар жоғы екі фактор қажет: жігерлі еңбек және жоғары кәсібилік.
 
Г.Елеукенова
Павлодар облысы ТЖ департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
баспасөз хатшысы