ATYR posL 1 2017 жылдың 3 ақпан күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кәсіби дайындық жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы – Ұлт басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халыққа жолдауын жеке құрам арасында түсіндірме жүрігізілді.
ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Өмірзахов аталған құжат нақты ахуалда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысы саясатының нақты жалғасы болып табылатындығын, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген бес негізгі басымдықты іске асыру, экономиканың жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.
ATYR posL 2 Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары бойынша Департаменттің кадр жұмысы бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Г.Нарегеева түсіндірді. Өзінің баяндамасында азаматтық қорғау майоры Г.Нарегеева жыл сайынғы Жолдау Қазақстан үшін алдағы уақытта жаңа бастамаларға жеткізетін негізгі тапсырмалардың бірі екендігін айқындап, әр кезеңге жеке тоқталып өтті.
Нәтижесінде ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау жұмыстарын үнемі жүргізуге шешім қабылданды.
 
Атырау облысының ТЖД
кадр жұмысы бөлімі