Принтерге шығару
Posl Zhambyl 1 Іс-шараға Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылары,Тараз қаласы ТЖ басқармасы және аудандық ТЖ бөлімдерінің бастықтары, қызметкерлері қатысты.
Кіріспе сөзбен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Данилов жиынды ашты.
Елбасы өзінің Жолдауында экономика жаңғыруының жаңа кезеңі туралы мәлімдеді. «Бүгін мен Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», - деп хабарлады Президент Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, бұл жаңғырту – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізілетінін айтты.
Елбасы өз Жолдауында 5 негізгі басымдығын айтып өтті. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.
Posl Zhambyl 2 Департамент бастығы Елбасының Жолдауын барлық бөлімшелерде талқылануы қажеттігін, сонымен қатар халықпен кездесу және оқыту шаралары кезінде насихаттауды тапсырды.
Кезекті сөзінде департаменттің Заң тобының бас маманы М. Дүйсенбеков мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Президенттің жыл сайынғы жолдауы алдағы кезеңде Қазақстан үшін жаңа міндет екенін білдірді.
Қорытындылай келе, Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын толық мақұлдап қолдайтынын білдірді.
 
Жамбыл облысының ТЖД