Принтерге шығару
Posl ZKO 1 Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы оқылып, талқылау үшін жиналыс өткізілді.
Елбасының Жолдауын талқылау аясында жеке құрам басшысының орынбасары Н.Амангелдіұлы, кадр жұмысы тобының бас инспекторы Н.Қуанышева, медициналық – психологиялық қызметтегі бас құтқарушы-психолог Л.Абдрахманова сөз алды.
Жеке құрам басшысы А.Килишев талқылауды қорытындылай келе, алдағы конституциялық реформа еліміздегі басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғандығын, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу бойынша атқарушы органдар мен Үкіметке өкілеттілікті беру арқылы Үкімет пен министрліктер, әкімдіктердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берілетінін баса айтты.
Posl ZKO 2 «Елбасымыздың ұсынған бағдарламасы Үкімет пен Парламеттің рөлін арттырып, еліміздің саяси жүйесіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл мемлекетіміздің ілгері дамуының келесі қадамы болмақ. Елбасымыздың тапсырмасын іске асырып, орындауға бар күшін салуға әрқайсымыз міндеттіміз» - деп ерекше атап өтті Асқар Орынбасарұлы.
 
Кұдашбаева Ж.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы