Ұлт лидері – Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауында дүние бір орында тұрмайды деп, онымен біз де, егеменді, тәуелсіз мемлекетіміз тек алға қарай жүруіміз керек екені жөнінде айтады. Алдымызда көптеген кедергілер кездесіп отырады, олардың бірі саяси және экономикалық дағдарыстар, олармен күресіп, жаңа жеңістерге, шындарға жету қажет. Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагиямыз үш қарапайым, бірақ маңызды «Өсім, Реформалар және Даму» ұғымдарымен үндес.
Біріншісі – өсім. Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр.Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет. Айтып кетсек, «Қаржы секторын тұрақтандыру», «Бюджет саясатын оңтайландыру», «Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру», «Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері», «Жаңа әлеуметтік саясат», олардың барлығын орындау Қазақстанға ел қауіпсіздігін және республикамыздың барша қауымының өмір салтын жақсартуын қамтамасыз етеді.Осы Жолдауында Президент барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды, Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырады. Біз, ҚР-ның ТЖ бойынша комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы ретінде, төтенше жағдайларды ескерту және жою бойынша мемлекеттік саясатын іске асыруда біздің елмасымыз - Ұлт лидеріміздің Жолдауына енжарсыз қалмаймыз. Қоғам өз бөлімшелерін жаңа өрт сөндіру техникасымен және құралдармен қамтып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегіне қауіпсіз жағдай жасауына көп көңіл бөледі, сонымен төтенше жағдайлардың болдырмауын тырысады.«Өрт сөндіруші» АҚ жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, тапсырыс берушілермен шарт сомаларын ұлғайту мәселелерін шешеді, соның арқасында барлық қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсартып, Қоғамның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің барша жұмыскерлерінің әлеуметтік қорғанысына кепілдік береді.
Өз еңбегімен, еліміздің отансүйгіштері ретінде, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының қызметкерлері «Өмір қауіпсіздігі мен адамдардың денсаулығы» атты бірыңғай мақсатқа жету үшін,алдарына қойылған барлық міндеттерді орындауға дайын.
Д. И. Бектенов
«Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар филиалының директоры