25 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, этносаралық қарым-қатынас тақырыбында жасақ басшысы Алтай Тезекпаевтің төрағалығымен жиналыс өткізілді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының орынбасары Наиль Салимов өз баяндамасында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жүйелі басқаруының арқасында біздің көпұлтты мемлекетіміз сан жылдар бойы бейбітшілікте, татулықта және бірлікте тұрып жатқанын айтты. Кейбір елдерде ұлтаралық шиеленістер, түрлі этностар мәдениеттерінің жақтырмауы салдарынан соғыстар болып жатыр. Ал бұл өз өмірін ойлап қорқып жүретін адамдар үшін үлкен қайғы.Наил Кәмілұлы 130 жуық ұлт өкілдері тұратын, біздің Республикамыз ұлттық белгілермен бір-бірін бөлмейтін, бір үлкен, тату халық Ассамблеясы болып табылатынын белгіледі. «Біз, бәріміз - Қазақстанның біртұтас халқымыз, бұл жайында 98 баптың 11-і этносаралық қарым-қатынасқа арналған Конституциямызда да жазылған. Біз еліміздің ынтымастық пен бітімгершілікті бағалаймыз», - деді ол.«Әр отбасы – бұл ассамблея, сіздердің жедел-құтқару жасақтарыңыз да – бірін-бірі қолдауға, адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын, қаһарман ерлер иін тіресе қызметтерін атқаратын ассамблея болып есептеледі, - деді баяндаушы. – Қазақстан халқы Ассамблеясының орны қазіргі таңда қоғам арасында күшеюде. Бәріміз бірлесе қызмет етсек қана, қазақстандықтардың арман-мақсатына жету жолын жақындатамыз!».
Іс-шараның соңында ол мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосқан Жанат Мұхамбетов пен Владимир Голышев құтқарушыларына алғыс хаттарын табыс етті. Наил Салимов жасақ қызметкерлерінің қызметтерінде бейбітшілік, жақсылық пен сәттілік тіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы