Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ кәсіби даярлау мектебінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А.А. Абуов гарнизондағы өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы қазақстандықтар үшін өзекті – «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
Аталған сабақта азаматтық қорғау полковнигі А.А. Абуов Елбасы – Ұлт көшбасшысы стратегиясын іске асыру туралы нақты әрі сапалы ақпаратты баяндады. Елбасы, ұлт көшбасшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы   Жолдауы бойынша сөз сөйлейтіні бәрімізге мәлім, онда ол мемлекетіміздің даму деңгейін, жоспарлы қозғалысын барынша аша түседі. ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы жарқын болашақты айқындай түседі, яғни біз мемлекеттік қызметшілер атақ-даңқымызға қарамастан, бұл Жолдауды әріптестерімізге жеткізіп, оны жергілікті жерлерде тәжірибе жүзінде іске асыруымыз қажет. Ұйымшыл ұжым өз қызметінің бағыты бойынша сапалы жұмыс істесе, ал ұйымшыл халық «Мәңгілік ел» бірыңғай идеясы өз мемлекетінің дамуы үшін сапалы жұмыс жасайды. Президент дағдарысқа қарсы стратегиясы бойынша дамудың үш жолын айқындады: Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.   
Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Үшінші – даму. Біз бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз.Кез келген стратегия уақытқа сай ықпалдануы қажет, оның кейінге қалуы немесе ауытқуы елді он жылға артқа тастауы мүмкін.
Тек рухы мен ар-намысы мықты Көшбасшы уақытқа сай халыққа қызмет етіп, халқын табыстарға жетелейді. Барлығымызға мәлім болғандай, уақыт талабымен кіріктірілген түрлі стратегиялар бар және болған, атап айтқанда: «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050», «Мәңгілік Ел», сондай-ақ «Қазақстан-2020», «100 даму қадамы», «Нұрлы жол», «Жол карталары» және Ұлт көшбасшысының жыл сайынғы Жолдаулары. Жалпы, аталған стратегияларды бірлесіп сапалы іске асырған жағдайда ғана елімізді дамыған мемлекеттің  өмір сүру деңгейіне әкеледі. 
Асқар Абуов
Павлодар облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ
кәсіби даярлау мектебінің бастығы