Қазақстан өзінің негізгі принципі ретінде мәдениет пен бейбітшілікті таңдап, өзге елге үлгі болып, түрлі діндер мен тілдерде сөйлегеніне қарамастан бір Отанда бейбіт ғұмыр кешуде. Бұл тұжырымды көптеген елдер мойындағанымен небәрі санаулы мемлекеттер ғана күнделікті тіршілік барысында қолдануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдаулары қоғамға бағытталған көптеген бағдарламалық құжаттардың  арасында ерекше орын алады. Әрбір реформасында елді дамытудың әрбір нақты жүйесі - әлеуметтік және экономикалық аспектілерге негізделген. Елбасы өз Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше тоқталып, сараптама жасап, біздің қоғамның, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қажетті жаңа тапсырмаларды тілге тиек етіп келеді. Бұл дегеніңіз білім, денсаулық және Қазақстан Республикасының тілін, ұлттық саясатты дамыту деген сөз. «Қазақстан - 2050 Стратегиясында» Президент  кезекті рет жоғары сипаттағы тапсырмаларды жүктегені мәлім. Бүгінгі таңда еліміздің барша азаматтары көреген Елбасының сарабдал саясаты мен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын мызғымас бірліктің арқасында біздің кез-келген кедергіні жеңіп шығатынымыз айқын. 
Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген табыстарға қол жеткізді. Дегенмен еліміз одан әрі мығым бола түсу үшін біздердің әрқайсысымыз өз ісімізді жетік білуіміз қажет.  Міне патриотизм дегеніміз осы. Осындай жетістіктермен біз  «Мәңгілік Ел, Болашағы біртұтас ел» боламыз.
Мақсат Амантайұлы Қосыбаев
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің бастығы
азаматтық қорғау полковнигі