Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағындағы азаматтық қорғау мекемелері мен бөлімшелеріне жетекшілікті жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салалық бағдарламасына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жұмыстарын жүргізеді. Заңдылық қағидасы конституциялық болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын оларды іске асыруға себептесетін жағдайлар мен құқық бұзушылықтарды тудыратын себептерді анықтау және жоюға бағытталған қызметтің белгілі бір түрі деп қарастыру қажет. Алайда орнықты нормативтік-құқықтық базаның бар болуы және ауқымды талдау өткізуден соң ғана өзге мақсатты тәжірибелік қызметте де, құқық бұзушылықтың профилактикасын табысты өткізуге болады.
Ағымдағы жылы кадр жұмысының бөлімі «Қызметтік, әскери және еңбек тәртібінің жай-күйі туралы», «Құқық бұзушылықтардың, жалпы қылмыстық істің және тәрбие жұмысының кемшіліктерінің жай-күйі туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстардың жай-күйі туралы» талдаулар қатары жасалды, олар құқыққа қарсы тәртіпті болдырмау туралы ескерту ретінде және де кемшіліктер мен мәселелерді ашып көрсетті.
Құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі шаралары азаматтық қоғамның институттарымен тығыз әрекеттесу және нәтижелі ақпараттық жұмыс істеу негізінде іске асырылуы қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері, бірлескен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрекеттерін жасау бойынша үкіметтік емес ұйымдар және тұрғындармен, дамыту, азаматтық қоғамның институттарымен қарым-қатынасты одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында Департаментте Қоғамдық кеңес құрылған.
Профилактикалық қызметке уәкілетті органдардың өкілдері жұмылдырылады. Департамент тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауға бағытталған іс-шараларды жүргізу мақсатында тұрақты түрде семинар, дәрістер және «дөңгелек үстелдер» өткізеді.
Қызметкерлер жасырған әкімшілік құқық бұзушылықтарды, салықтар мен айыппұлдарды төлемеу фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдармен салыстыру тәжірибесі іске асырылады.
Тоқсан сайын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің бөлімшелерімен департаменттің қызметкерлерінің сыбайлас құқық бұзушылық және қылмыс жасау, ай сайын азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеу (қалалық және аудандық бөлімшелер қоса алғанда) бойынша салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіби оқыту, тақырыптық және кешенді тексеру шеңберінде тұрақты негізде қызметкерлерде Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындау сезімін тәрбиелеу жүзеге асырылады. Құқықтық жаппай оқыту арқылы құқықтық насихаттау және көмек беру көлемі көбейді, оның құқықтық реттелуі қамтамасыз етіледі.
Тұрғындардың сенімін нығайту, қызметтің ашықтығын арттыру, мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларымен Ар-намыс кодексінің, мемлекеттік қызмет заңнамасының, азаматтардың құқық бұзушылықтарын, құқық бұзушылық және қылмыс жасау, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деректері және сыбайлас құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел әрекет ету мақсатында Департаментте, ведомстволық және жергілікті органдарда «сенім телефондары» жұмыс істейді, сонымен қоса жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін хат жәшіктері орнатылған.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің базасында азаматтық қорғау органдарына қызмет етуге үміткерлерді құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін полиграфиялық тексеру бойынша жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар полиграфтар қызметкерлер аттестациядан өту кезінде қолданылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу тәртіптік жұмыстардан басталғандықтан бөлімшелердің басшыларына тәрбие жұмысына және дұрыс моралдік-адамгершілік жағдайды қолдауға бағытталған жүйелік ұйымдастыруға жеке жауапкершілік жүктелген.
Сөз соңында Елбасының жолдауында иық белгісі бар адамдар үлкен өкілеттіліктерге ие, олар мінсіз жүріс-тұрысы мен жоғары кәсібилігімен айрықшалану қажет деп көрсетілгенін айтап өткен жөн. Сондықтан азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлері үлгілі тәртіпке, заңнаманы бұзбауға талпыну және мүлтіксміз әскери-қызметтік тәртіпті сақтау қажет.
С. Каракулова
Батыс-Қазақстан облысы ТЖД
кадр жұмысы бөлімі бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі