Жаны сұлудың тәні сұлу
Елбасы Қазақстан халқына өз жолдауында қазақстандық патриотизм бұл – көпұлтты және көпконфессиолды қоғамның жетістігі екенін бірнеше рет атап айтқан. Өрт сөндіру қызметкерлердің қызметі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде орыны, рөлі өте үлкен. Біз жеке құрамммен қалай жұмыс істесек келешекте  соның нәтижесін де көретін боламыз. Өзекті мәселеге айналған тәрбие жұмыс бойынша  2016 жылдың 28 шілдесінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ  өрт сөндіру бөлімдері бастықтарының орынбасарларыменен семинар-жиналыс өткізілді. Жеке құраммен  өткізілетін тәрие сағатының қызығушылығын  дидактикалық материалдарды көрсетіп сол арқылы олардың психологиясына әсер ету арқылы арттыруға болатынын айтты.
Семинардың жоспары  үш тақырыпта қозғалды: қазақстан халқы Президент Жолдауы бойынша қызметкерлер мен жұмыс істеу үшін әдістемелік нұсқау;  жеке құраммен тәрбие жұмыстарың әдістері, офицерлік жиналыстар, ардагерлермен кездесулер ұйымдастыру; «ӨСжАҚЖҚ» ММ  жеке құрамымен  патриоттық,  эстетикалық тәртіп, тәрбие  жұмыстарының  нұсқаулары.
Семинардың  мақсаты кеңес советінің ағартушысы, жазушы Макаренко А.С.  сөзімен  аша түсетіндей: «Мастерство воспитателя не является каким-то особым  искусством...,  но это специальность, которой  надо учить, как надо учить  врача  его мастерству, как надо учить музыканта».  
Семинарда «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастықтың орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі  Галимжанов Р.Р. батырлық және патриоттық мінез тәрбие жұмыстары бойынша бірнеше бейнебаяндар көрсетіп,  патриоттық сезімді қалыптастыру негізінде қызметкерлерге ғылыми-танымал білім беру және өзге ағымдардан аулақ болудың жолдарын  түсіндірді. Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс істеу  төмендегідей элементтермен  қарастырылды:
- (батырлық, және патриоттық, адамгершілік және этика, ақпарат, білім беру, діни) бағыты бойынша;
- салыстырмалы түрдегі түсіндіру жұмысы;
- тематикалық бағытта көрнекі материалдар, бейнебаян, суреттер;
- фрагменттен кейін болған оқиғаға байланысты бейнеролик;
- жалпы қорытынды ( фиософиялық ойлар,  белгілі адамның цитатасы).
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізудің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған «Стратегия «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бөлімінде» Жаңа қазақстандық патриотизм негізі – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының кілті аясында өтті.  
Қазіргі жағдай қоғамдық дамудың қажеттілігі туралы сонымен қатар, кәсіби қызметіне, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, бөлу және бағыт саласындағы жеке құрамды тәрбиелеуді қажет екендігін көрсетеді. Қазақстандық патриотизмді, оның көзқарасын, нанымын және т.б.  жеке құрамда  қалыптастыру мамандардың көмегінсіз жетік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да тәрбие жөніндегі өрт сөндіру бөлімі бастықтардың орынбасарларына осы семинарда жеке құраммен қалай жұмыс істеу керек, оларға ақпаратты қалай жеткізу керек, ішкі және сыртқы саясат және еліміздегі  сондай-ақ әлемдегі экономикалық жңалықтармен бөлісу туралы түсіндірілді.
Қорытынды бөлімінде қатысушылар тарапынан пікір алмасулар болып, жеке құраммен қалай жұмыс істеу жөніде өзекті сұрақтар қойылды. Сонымен қоса «ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр бөлімі  жасаған дидактикалық материалдар ұсынылды. Ал  жеке құрам арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жәй ғана сөз емес, ол көп күш пен еңбектің нәтижесі, ақын Сергей Есениннің сөзінше «Лицом к лицу, лица не увидать, большое видится на расстоянии...». 
Нұрайым Кенжехан
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы