2016 жылғы 12 шілдеде  ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары ассоциясы төрағасының орынбасары В.К. Божко Оңтүстік Қазақстан облысына екі күндік іс-сапармен келді.
Жұмыс сапары кезінде В.К. Божко облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және славян этномәдени бірлестігінің белсенділерімен кездесіп, облыстағы бір қатар объектілерді,  Сайрам мен Түлкібас аудандарындағы шаруа қожалықтарды аралады. 
2016 жылғы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жеке құрамның депутатпен кездесуі өткізілді. Бұл іс-шараға департаменттің барлық құрылымдық бөліністерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен жеке құрамы қатысты.
  Елбасының Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңызын түсіндіру, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау - ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божконың жұмыс сапарының негізгі мақсаты.

 

Зарипа Турусбекова
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
 мемлекеттік тіл және ақпарат тобы