Кәсіпкерлік қызметтің жағдайын түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды  енгізу шеңберінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.И. Двинянин және ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры С.А. Ысқақов Павлодар облысының прокуратурасы және «Нұр Отан» партиясының филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Кәсіпкерлерді бірыңғай қабылдау күніне» қатысты.

Бұл қабылдау облыс кәсіпкерлері үшін кеңестер алып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алу мақсатында ашық есіктер тәрізді өткізілді. Іс-шара барысында кәсіпкерлер ерекше тәртіп бойынша тексеруді жүргізу, кезеңділігі, әкімшілік ықпал ету шараларына қатысты сұрақтарды қойды. Кәсіпкерлердің өтініші бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің кейбір мәселелері түсіндірілді.

Павлодар облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Жер қатынастары және инспекция басқармасы, Қаржы инспекцияның басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық кәсіпкерлер палатасы сияқты басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары шақырылды.

Павлодар облысы кәсіпкерлері кәсіпкерлік саласының бағытындағы әр түрлі жан-жақты құзыретті кеңестер, түсініктемелер, сұрақтарына жауаптарды  алды.

Қабылдау екі сағатқа созылып, қорытындылай келгенде  облыстық прокурорының орынбасары К.Г. Артықбаев өз сөзінде «кәсіпкерлерді бірыңғай қабылдау  күні» тұрақты түрде өткізіп тұруына  ұсыныс берді.

Ш. Ахметов

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
өртті меммлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы