Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес институционалды реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлттық жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында Өрт сөндіру мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев Елбасының 5 ұлттық реформасы Қазақстанды 30 дамыған елдердің қатарына қосатын ұшқыр жол болып  талыбатындығын баса айтты. Ол сондай-ақ «100 нақты қадам» ол дегеніңіз әлемдік дағдарыс кезеңінде жаңа тарихи жағдай болып ғаламдық ішкі жауап болатындығын да тілге тиек етті. «100 нақты қадам» арқылы біз елімізге төзім қорын жинақтап, күрделі сынақтардан сүрінбей өтуге мүмкіндік алатынымыз анық екендігін жеткізді.Егер еске салсақ Президенттің 5 реформасы мыналар:  · заманауи, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;· заңның үстемдігін қамт амасыз ету;· экономиканы әртараптандыруға негіз­делген индустрияландыру және экономикалық өсім;· бірыңғай бола­шақ ұлтын қалыптастыру;· транспарентті және есепті мемлекет.Осы 5 реформаның ішінен жеке құраммен бүгін ІІ реформасын, яғни  заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша жан жақты талқылады.Атап айтқанда 28 - пункті іріктеу жүйесін жақсарту, 29-құқық қорғау органы қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу, 31 – арыздарды қарастыру бойынша қоғамдық кеңес жүйесі болатын.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың пікірінше  "100 нақты қадам" – біз үшін Елбасының 100 нақты тапсырмасы деп білген жөн екендігін еске салып,  осы арқылы біз қоғам өмірі мен мемлекеттік дамуды жан-жақты тарапта реформалауды қамтитынымызды тілге жеткізді. Аталған дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президентімен айқындалған аталмыш қадамдар ішкі мемлекеттік тапсырмаларды дамытуды тиімді шешу бойынша ауқымды қоғамдық диалог құратындығын баса айтып, пікір білдірісті.
 
Нұрболат Өмірзақов
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт сөндіру және АҚЖҚ
Мемлекетік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы