«100 нақты қадам» - қазақстанның дамуының мол мүмкіндігін  ашатын  тапсырмаларды айқын  іске асыру  жолы болып табылады.
Ұлт Жоспары – нақты, жүйелі және  айдан анық. Ол  Болашаққа миллиондаған қазақстандықтар үшін  магистральды жолды белгілеп берді.Президенттік Ұлт Жоспарының әрбір жолында көзге көрінбеседе, «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» деген тарихи месседжді қалыптастыратыны нақты шығып тұр.«100 қадам»  - қоғам өмірі мен мемлекеттік дамудың барлық жағын реформалауды қамтитын Ұлт Көшбасшысының 100 нақты тапсырмасы.15 қадам мемлекеттік аппаратының кәсіпқойлығын түбегейлі арттыруға бағытталған.19 қадам – ол сот жүйесі мен құқық қорғау органдары жұмыстарын  жаңарту мен жетілдіру  бойынша тиімді іс-әрекеттер.50 қадам қатаң түрде  қазақстандықтар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған адами капиталының жаңа жоғары технологиялық дамуы мен өсуін ынталандыратын анық және нақты шешімдер.6 қадам – ол «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуды, қоғам бірлігін, жалпы қазақстандық сәйкестілігін нығайтуды болжайтын маңызды іс-шаралар.10 қадам «Ашық Үкіметі» жұмысының  механизімін жетілдіруді, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруге міндеттілігін, қоғамдық бақылаудың күшейтілуін және азаматтық қатысудың кеңейюін қамтамассыз етеді.100 нақты қадам халықтың арманын көрсетеді. Олар халықтың  және әр қазақстандықтың мүддесін ойлайды. Қазақстандықтардың әр қайсысы  өз мамандығында, өз жұмыс орнында, қоғамдық өмірінде  елмен бірге осы бір маңызды 100 қадамды жасауы  тиіс.Ұлт Жоспары мемлекеттік қызметшілерге жауапкершіліктің жаңа бір деңгейін жүктейді. Енді мемлекеттік аппаратта қызмет атқаратын әрбір қызметкер  президенттік «100 қадамды» орындауында  өзінің нақты  буынына  жеке жауап береді. Сонымен қатар әр мемлекетті қызметкер өзінің нақты  жұмыс участкесінде  қандай жұмысты атқарғанын және атқарып жатқаны туралы жауап беруге тиісті.«100 қадамды» іске асыру басталып кетті. Ізгі ниетті жұмысқа ат салыса кіріскен әр қазақстандық жаңарып жатқан мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың нәтижесін арттыруының  және өзінің, өз жанұясының , елінің амандығының туындыгері болып келеді.
Президенттің қазақстандықтар туралы ойының мәні жеміске мол Қазақстан жолында болашаққа үмітпен және сеніммен  келе жатқан  Біртұтас Болашақтың Ұлты.
Ринат Алишев
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің
кадр бөлімі бастығы