Seminar SKO 1 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың алдында Жолдауымен жыл сайын сөз сөйлейді. Бір жыл айтарлықтай көп уақыт емес, бірақ біз осы уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз және күн сайын «Қазақстан 2050» стратегиясын орындауға жақындап келеміз. Жаңа Жолдаудың негізгі мәселелерін және тапсырмаларын талдау дәртүрге айналып кетті. Еліміздің барлық мекемелерінде осы тақырыпқа кеңес өткізіледі.
СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жыл сайын Жолдауды талқылауға кеңес өткізеді және өзінің қызметкерлеріне Жолдаудың барлық тармақтарын жеткізеді. 2017 жылғы 6 ақпан № 1 өрт сөндіру бөлімінің акт залында семинар өтті, оған «Нұр Отан» ХДП СҚОФ заң кеңесшісі Айгүл Қуандықова қатысты.
Өзінің сөзінде 2017 жылғы Жолдауды қысқаша түйіндеп шықты, сонымен қатар азаматтық қорғаудың қызметкерлерімен ұзақ және қысқа мерзімді тапсырмаларды талқылады.
Seminar SKO 2 Осындай кездесулердің рөлі өте зор, өйткені отаншылдық сезім мен өзінің еліне деген мақтанышты нығайтады. «Адам – еліміздің басты байлығы», - деп атап өтті Айгүл Қазыбекқызы.
2017 жылғы Жолдаудың құрылымы халық үшін жақын тақырыптардан құралғанын, халық осы тақырыптар бойынша өкіметтен жауап алғылары келетінін айтып өту керек. Үш рет жаңғыру тұжырымдамасы Жолдаудың басты мазмұны болып табылады, оған аса назар аударылды. Еліміздің бірінші жаңғыруын Президент 90-жылдары өткізген болатын – жаңа мемлекеттің қалыптасуы және нарықтық экономиканы құру. Еліміздің екінші жылдамдатылған жаңаруы 1996-2012 жылдары өткізілді – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі. Үшінші жаңғырудың мәні – еліміздің жаңа ғаламдық нақтылықта өсудің жаңа үлгісіне көшуін қамтамасыз ету.
Жолдаудың негізінде стратегиялық және саяси мәселелер тұр, бірақ әлеуметтік мәселелерге, медицина мен білім беру аясына да көп назар аударылған. Қазіргі кезде діни терроризм мен киберқылмыс туралы тақырыпты өткізіп алуға болмайды. Елбасы ағымдағы жылы осы проблема бойынша бақылаудың және қауіпсіздік шараларының күшейтілетінін атап өтті.
Кеңесте сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы әңгіме де назардан тыс қалған жоқ. Президент Ұлт жоспарының арқасында біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін едәуір төмендету бойынша нақты қадамдар жасағанымызды көрсетіп өтті. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің тура қатер дәрежесіне шығарылды, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әзірленді және бекітілді. Ең бастысы – сыбайлас жемқорлықпен күрес оған тек барлығы, қоғам мүшелерінің бірін қалдырмай қатысқанда ғана тиімді болатынын ұмытпауымыз керек.
«Барлығы бізден, жеке басымыздың өсуінен, тәрбиеден және отбасымыздағы жағдайдан басталады», - деді Айгүл Қуандықова және кеңес соңында баршамызға денсаулық, бақыт, оңай емес еңбегімізге табыс тіледі және олардың өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің жұмысын өте жоғары бағалайтынын, республикамыз үшін мәні зор еңбек екенін атап көрсетті.
 
Серік Шақабаев,
СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ кадр жұмысы бөлімінің бастығы
Валерия Султанова,
«Журналистика» мамандығы бойынша СҚМУ студенті