Жаңа дәуір қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Өзінің Жолдауында ол әрбір азаматқа жаңа тіршіліктегі даму бағыттардың өзінің көріністерін жеткізуді көздеді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы кезекті Жолдауды одан әрі терең зерделеді. Ұжымға жүзеге асыру үшін қойылған мақсаттары көрсетіліп, сонымен қатар терроризм мен сыбайлас жемқорлық мәселелерге назар аударылды.
«Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.
Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуды жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру керек.
Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет» - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
«ШҚО ТЖД бөлімшелерде діни нормаларды түсіндіру бойынша сабақтар үнемі жүргізілуде. Діни оқыту бойынша ақпараттық-алдын алу жұмысына Шығыс Қазақстан облысының діни бойынша басқармасының өкілдері тартылады», - ШҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы Бауыржан Жүрекбаев.
ШҚО ТЖД жеке құрамы жеке сауалмен Жолдаудың бесінші тарауын қарастырды: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
ТЖ департаментінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мен күреске бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. Ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жол беретін «дөңгелек үстелдер», «Нұр Отан», сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен кәсіпкерлерімен кездесулер, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі.
 
Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті