UKO poslanie 1 2017 жылғы 06 ақпанда Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу өтті. Жұмыс сапары кезінде Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде болып, жеке құраммен кездесті және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі басымдықтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
UKO poslanie 2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруына бастау жариялады. Сол Жолдау-2017 басты тақырыбы болды. Мемлекет саясатының негізін қалаушы аспектілері бойынша векторын дәстүрлі түрде белгілеп, болашаққа мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жариялады. Зейнетақыны көтеру, дәрі-дәрмектің бағасын реттеу, экономикадағы жаңа алмасулар туралы- кездесу кезінде Жолдаудың осы және өзге де бағыттары бойынша айтылды.
Соңында Мәжіліс депутаты ТЖ бөлімінің жеке құрамына олардың қиын жұмыстарында табыс тіледі.
 
Азаматтық қорғау подполковнигі Д.Талипбаев
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Қазығұрт ауданы ТЖ бөлімінің бастығы