Akm posl 1 2017 жылғы 10 ақпанда Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында ТЖД жеке құрамымен облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси кеңесінің мүшесі Мейрамбек Киіковпен кездесу өтті.
Мейрамбек Киікович жеке құрамға «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президент Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді, мемлекеттік құжаттың маңызы жайлы әңгімеледі, оның мақсаты - экономикалық өсудің жаңа моделін құруға, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ, ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Президент жолдауы Қазақстанның әрбір азаматын қозғайды!
Akm posl 2 Президент үшінші жаңғыртудың бес негізгі басымдығын айта кетті -олар экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, дәстүрлі базалық салаларын жаңғырту; еңбек өнімділігін арттыру, макроэкономикалық тұрақтылық; адам капиталының сапасын жақсарту; институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Бұл үшін орасан зор Стратегиялық даму жоспары 2025 жылға дейін – «Қазақстанның Ұлттық технологиялық бастамасы» әзірленеді.
Қазақстан халқының өмірінде мұндай инновациялар бағдарламасы ретінде, IT-стартаптар халықаралық технопаркі құрылады. Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Агроөнеркәсіп Қазақстаны еуразиялық континентте «астық себеті» болады, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік береді, суармалы егіс алаңын 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет.
«Нұр Отан» облыстық филиалы партиясы саяси кеңесінің мүшесімен кездесу барысында, Департаментінің жеке құрамы тарапынан барлық келіп түскен сұрақтарға жан-жақты толық жауаптар берілді.
Біз Қазақстан халқын біздің бірлігімізді, біздің ортақ азаматтық және біздің үздік сапа - жауапкершілік, еңбекқорлық, сенім, ашықтық және өз күшімізге деген сенімділікті нығайтуға шақырамыз. Әркім Қазақстанның Үшінші жаңғыру жолында өз орнын, біздің балаларымыздың атынан, болашағы біртұтас, өсіп-өркендеуін және бақытын тапсын.
 
Ақмола облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы