Posl VKO 1 Дөңгелек үстүл Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана жүйесі» КММ-де өтіп, қызметкерлер отырысты ұйымдастыруға белсене қатысты. Іс-шара кітапханаға экскурсия жасаудан басталды, онда Өскемен қаласының ТЖБ мамандары басқа меммекемелермен бірлесе әртүрлі баспалар мен кітаптар көрмесімен танысты. «Біздің кітапхана – бұл тек өңірдің кітап қоймасы емес, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының, көпсалалы ақпараттық орталығы», - деп атап көрсетті «Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана жүйесі» КММ-нің маманы Жанат Жиенбекова.
Posl VKO 2 Дөңгелек үстелдің негізгі спикері «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова сөз сөйледі. Отырысты ашып, Майраш Екібасова жаңа бағдарламалық құжат нақты жағдайда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған, Мемлекет басшысының саясатын логикалық жалғастыру болып табылады.
Posl VKO 3 «Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы біздің ел үшін аса маңызды қоғамдық-саяси уақиға болып табылады. Негізгі бағдарламалық құжатта алдағы жылдарда мемлекетті жетілдірудің маңызды артықшылығы енгізілген. Алда, сөз жоқ, барлығымыз үшін үлкен жұмыс тұр», - деп мәлімдеді Майраш Екібасова.
Өзінің баяндамасында Майраш Екібасова сондай-ақ қатысушыларға жолдаудың барлық бес артықшылығы бойынша негізгі сәттерді түсіндіріп берді.
Posl VKO 4 Сонымен қатар Қазақстан халқына ҚР Президентінің Жолдауын талдау аясында - Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа стратегиялық құжатта өмір тіршілігінің барлық саласы қозғалғанын, ал ең бастысы елді жетілдіретін нақты міндеттер қойылғандығын атап көрсетті. Қазақстаннның алдында үшінші жаңғырту тұр, ал бұл өзгерістер экономикалық өсусіз мүмкін емес.
 
Өскемен қаласының ТЖБ