Posl Aktobe 3 «Нұр Отан» партиясының Темір ауданы филиалының ғимаратында Темір ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры А.С. Жанабергеновтың төрағалығымен бөлімнің және №13 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 31.01.2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 5 басымдылығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылауға қатысты жиын өткізілді.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Темір филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Жұбатқанұлы сөз сөйледі. Азамат Жұбатқанұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен белгілерін анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет екендігін баса айтты.
Жиналыста сонымен қатар жолдаудың негізгі тармақтары бойынша мәселелер көтеріліп, оларға толық жауаптар берілді.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
Темір ауданының ТЖБ