Kyzyl Poslan 1 Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Болашақ» университетінің «Студенттер сарайында» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Алғы сөзді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев сөйледі. Одан соң «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ш. Әбдірахманов пен қала ардагері С. Әбішев баяндама жасады.
Kyzyl Poslan 2 Одан соң жиында басқа да сұрақтар талқыланды. Аталмыш жиынға Қызылорда облысы ТЖД және оған қарасты бөлімшелердің жеке құрамы қатыстырылды. Президент Жолдауын насихаттау жөніндегі жиын қызығушылықпен бірауыздан ұйымдасушылықпен ынтымақтастықта өтті.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы