aaPavl poslanie 1 Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халқына кезекті Жолдауын түсіндіру бойынша жұмысы жүргізілді. Түсіндіру жұмысына облыстық мәслихат депутаты Айман Оспанова және қалалық мәслихатының депутаты Константин Музалевский қатысты. Спикерлер ағымдағы жылы Мемлекет Президенті өзі жеке жеткізбей, бағдарламалық құжатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ сайтта жариялау өкімін берді.
Жеке құрам алдындағы өзінің сөз сөйлеуінде Айман Оспанова Қазақстанды жаңарту «100 нақты қадам» және Стратегия-2050 стратегиялық құжаттарының шеңберінде өтетінін атап өтті. Кезекті міндеттерді табысты іске асыра отырып, қазақстандықтар жаңа мақсаттарға сенімді қадамдарын басады. Депутат негізгі бес басты бағыттарды атап айтты (экономиканың қарқынды технологиялық жаңаруы, бизнес-ортаны жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталының сапасын жақсарту және институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес), сондай-ақ бірінші төртеуіне тоқталды.
aaPavl poslanie 2 - Біз айтарлықтай істі атқардық, бірақ әлі де жасайтын көп іс бар. Біз IT-технологиясы әрбір үйге келгеннін куәгері боламыз. IT саласының дамуын Үкімет ерекше бақылауға алу қажет, - деп атап өтті баяндаушы.
Спикер еліміздің аграрлық секторының дамуына ерекше тоқталды.
- Осы бағытта бар ғылыми потенциалды қолданған кезде, біз суарылатын жердің алаңын көбейте аламыз. «Қазақстанда жасалған» бренді тамақ өнімдерінің экологиялық таза эталоны болу қажет. Әлемдік нарықта бәсекелес болу үшін шикізат өндірісінен сапалы өнімді дайындау және шығаруға көшуіміз қажет. Сондай-ақ, жаңа технологияны енгізумен табиғи түрде жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осыған байланысты еңбек нарығы да жаңара бастайды. Осындай міндетті Ұлт Басшысы қойды және де біз оны орындаймыз.
aaPavl poslanie 3 Әрине, бизнес-ортаны жақсарту және кеңейту сияқты бастамаға тоқтамай кетуге болмайды, онда ЖІӨ-ге шағын және орта бизнесінің салымын 2050 жылға 50 % кем емес қамтамасыз ету стратегиялық мақсаты болып табылады.
Экономиканы қаржыландыруға жеке капиталды тарту және ақшалай-несиелік саясатты ынталандыру ролін қалпына келтіру үшінші бастама-макроэкономикалық тұрақтылықтың басты міндеті.
Орта және жоғары білім беру сапасы, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер, зейнетақы және баланың тууына бір жолғы жәрдемақы мөлшерінің 20 % көбеюі, ең төмен күн көріс адами капиталының сапасын жақсарту – төртінші бастамасының негізіне енгізілген. 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу басталады.
Константин Музалевский институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бесінші бастамасына нақты тоқталды. Осы бағыттың басты міндеті сот жүйесіне сенімді арттыруға қол жеткізу. Президент үкіметке барлық меншік құқықғын қорғауды күшейту тарапынан барлық заңнамаға тексеріс жүргізу тапсырмасын берді. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу бойынша жұмыстың белсенді болуы тиіс. Нөлдік төзімділік басты қатарға қойылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық қоғамның күшіне тәуелді болады. Осы бағытта бізбен көптеген жұмыс атқарылды. Константин Константинович сыбайлас жемқорлық әлеуметтік, барлық елдерге тән жойқын құбылыс екенін атап өтті. Осы зұлымдыққа қарсы жалпы қағидаттар бар. Және де біздің мемлекет оны нөлдік дәрежеге жеткізу үшін максималды күшін жұмсайды.
aaPavl poslanie 4 Түсіндірме аяқталуы барысында зал талқылауға белсенді қатысты. Қызметкерлер депутаттарға құтқарушыларды әлеуметтік сақтандыру, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бөлігіндегі сұрақтарын қойды және оларға жауаптарын алды.
Жаңа мақсаттар қойылды! Алға!
 
Е. Шевелева
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті
кадр жұмысы бөлімінің бас маманы