Posl ZKO 1 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кеңесшісі Е.Д. Машанов, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.К. Сармулдин, кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О.В.Бенцлер, сонымен қатар бас маман-психолог азаматтық қорғау капитаны С.С.Мухаметжанова қызметтік кездесумен Сырым ауданының Сырым ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімінде барып шықты.
Posl ZKO 2 Аталған кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру болып табылады.
Posl ZKO 3 Қызметтік кездесу барысында ақпараттық-насихаттау тобының басшысы Ермекқали Дүйсеқайұлы Елбасымен белгіленген Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдықтары, экономикалық өсудің жаңа моделін жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
- Президент жолдауында қазақстандықтар алдында жаңа ауқымды міндеттер қойды. Біз міндеттерді орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Әрбіріміз өз жұмысында адал жұмыс істеп, мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді жедел шешуіміз тиіс, - деп Асхат Қияшұлы өз сөзінде айтып өтті.
Өрт сөндіру бөлімінің ұжымы толықтай Елбасының саясатын, атап айтқанда сыбайлас жемқорлықпен және экстремизммен күресті қолдады.
Posl ZKO 4 Сондай-ақ, тәрбие жұмысының мәселелері, мемлекеттік қызметкердің кейпі мен жүріс-тұрысын, қызметтік киім-кешегін кию ережелерін реттейтін бұйрықтар мен нормативтік-құқықтық құжаттар, сыбайлас құқықбұзушылықтардың профилактикасы қозғалды.
Сонымен қатар, Ермек Дүйсеқайұлының төрағалығымен Казталов ауданы Казталов аулының №19 өрт сөндіру бөлімінде осыған ұқсас кездесу болып өтті.
 
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы