SKO POSL 1 Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қуыршақ театрының акт залында билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу және мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау мәселесі бойынш семинар-кеңес өткізді. Семинарға қалалық мәслихаттың депутаты Тәжин Жангелді және «Нұр Отан» партиясының өкілі Татваев Иманғали қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ысмағұлов Әсет семинар қонақтарымен және азаматтық қорғау қызметкерлерімен 2017 жылғы Жолдаудың өзекті тақырыптарын талқылады. Қонақтар өздерінің баяндамаларымен тыңдаушылардың алдында сөз сөйледі, баяндамаларында қазақстандық қоғамды дамыту үшін тағдырды шешуші мәні бар мемлекетті дамытудың аса маңызды мәселелер қозғалды.
SKO POSL 2 Семинарда көптеген маңызды мәселелер талқыланды, олар – «Цифірлі Қазақстан», киберқауіпсіздік, білім беру саласындағы проблемалар, «Қазпоштаның» жұмысын жақсарту. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбы да назардан тыс қалмады.
SKO POSL 3 Семинардың негізгі тақырыптарының бірі – билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі. Бұл ақпаратты баршасы бірдей түсіне бермейді. Әркімнің ойында «билікті қайта бөлу» деген не, оның артында не тұр деген сұрақтар бар. Семинарда осы мәселе егжей-тегжейлі талқыланды. Барлығы осы реформа басқарудың тиімді жүйесін арттыруға бағытталғанына келісті, осындай түзетулерге қарамастан, Қазақстанда басқару нысаны президенттік болып қала бермек.
Әсет Ысмағұлов осынша маңызды тақырыпты талқылау барысында «Осы мәселені шешу – мемлекеттік билікті нығайтуға, демакратиялық дамуды кеңейтуге, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамы институттарын дамытуға жағдай жасау керек», - деп атап өтті.
Семинар соңында Иманғали Татваев өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне ақ жол және қызметтік міндетті толық құрамда атқаруды тіледі.
 
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы,
Валерия Султанова
«Журналистика» мамандығы бойынша СҚМУ студенті