ZZKo2 Poslan 1 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау өтті.
Жыл сайын мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын арнайды. Белгілі бір кезеңдерге қорытынды жасап, Қазақстанның дамуы үшін қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін жаңа міндеттер қояды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауы тіршіліктің барлық саласын қозғайды.
ZZKo2 Poslan 2 «Биылғы жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдықтары айтылды, ал олардың жүзеге асырылуы Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған елдердің қатарына сәтті кіруіне мүмкіндік береді», - деп Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр жұмыс бөлімінің бастығы Светлана Каракулова атап көрсетті.
«Бүгінгі күні біз қатарына кіруге талпынып жатқан жетістігі көп мемлекеттерде халықаралық тәжірибе көрсеткендей еліміздің ілгерілеуін қамтамасыз етуге жағымды әсер ететін мемлекеттік билік бұтақтарының өзара іс-әрекет жүйесін қалыптастыруға орасан зор мән берілген. Билік бұтақтарының арасында өкілеттіліктерді бөлу мемлекеттің алдғағы дамуына үлкен босалқы дайындама тудырады», - деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков.
Талқылау барысында департамент қызметкерлері стратегиялық маңызға ие бүгінгі құжат мазмұнынан алған әсерлерімен бөлісті. Барлығы бірауыздан Президент Жолдауын қолдады.
 
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы