Poslanie Aqmola Степняк қ. 21-ӨСБ Еңбекшілдер гарнизонының жеке құрамымен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматық қорғау подполковнигі А.С.Советовпен кездесу өтті, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президент Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.
Азаматтық қорғау подполковнигі А.С.Советов мемлекеттік құжаттың маңызы жайлы әңгімеледі, оның мақсаты – экономикалық өсудің жаңа моделін құруға, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ, ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Президент жолдауы Қазақстанның әрбір азаматын қозғайды!
Президент үшінші жаңғыртудың бес негізгі басымдығын айта кетті - олар экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, дәстүрлі базалық салаларын жаңғырту; еңбек өнімділігін арттыру, макроэкономикалық тұрақтылық; адам капиталының сапасын жақсарту; институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Бұл үшін орасан зор Стратегиялық даму жоспары 2025 жылға дейін – «Қазақстанның Ұлттық технологиялық бастамасы» әзірленеді.
Ақмола облысы ТЖД бастығы өзінің сөз сөйлеу соңында қоса кетті, Мемлекет Президентінің бағдарламалық сөз сөйлеуі – бұл маңызды саяси құжат, оның әрбір жолы заманымен және тіршілікпен айтып жаздырылды. Ұлт басшысы біздің әрқайсысы алдымызға жақын арадағы болашаққа амбициялы міндеттерді қойды. Осы жағдайда біздің міндетіміз төтенше жағдайлардан мемлекет пен халыққа сенімді қорғауды қамтамасыз ету, - деп атап өтті.
Ақмола облысы ТЖД бастығымен кездесу барысында Степняк қаласының 21-ӨСБ жеке құрамы тарапынан барлық келіп түскен сұрақтарға жан-жақты толық жауаптар берілді.
 
Ақмола облысы ТЖД
Еңбекшілдер ауданы ТЖБ