ZKO PoslaniE 1 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Департамент бастығымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылады.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына арналған кездесуге Департамент пен Өрт сөндіру және авариялық - құтқару қызметінің жеке құрамы қатысты.
Департамент бастығы Жасұлан Жұмашев отырысты аша отырып, Президент белгілеген бес негізгі басымдықтардың жүзеге асырылуы экономиканың барлық саласындағы жоғары қарқынды өсуді қамтамасыз ететінін атап өтті.
ZKO PoslaniE 2 Жасұлан Жұмашев биылғы жылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын өзінің баяндамасында айта отырып, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі жаһандық мақсаттарын түсіндірді, іргелі елдердің қатарына, нақтырақ айтсақ, 30 ірі елдің қатарына енуді басты мақсат етіп белгілеп, бұл мақсатқа жету үшін әр қазақстандықтың атқосуы қажеттігін тілге тиек етті. Жолдауда Президент әкімдігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп «Мәңгілік ел» актісін жасауды тапсырды.
Отырыс барысында Жолдауды талқылауға қатысқан офицерлер, соның ішінде Е.Арефина, А.Алмағамбетова, Е.Төрегелдиев, В.Чалов сөз сөйлеп, Президенттің қойған тапсырмаларын орындауда алдарына қойған мақсат, міндеттерімен бөлісті.
 
С. Бахтиярова
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы