ZKO Poslan 1 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында НұрОтан халықтық-демократиялық партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулетжанов Мұхтар Серікұлымен кездесу өткізілді. Әңгіменің тақырыбы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру болды. Кездесуде Елбасы жолдауының негізгі тақырыптық ережелері түсіндіріліп, ішкі ресурстарды жұмылдыруға, ең үздік халықаралық тәжірибені қолдануға және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
«2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Осы жолы Елбасы стратегиялық құжатты жазбаша түрде баяндады. Елбасы экономикалық өсімнің жаңа моделін құрумен Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған жүйелі құжатты ұсынды, ол өз кезегінде елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруын қамтамасыз етеді», - деп Мұхтар Серікұлы атап өтті.
Ұсынылған бес басымдықты іске асыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде қарастырылып, «Қазақстан – 2050» бағдарламасында қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған.
ZKO Poslan 2 Президент бірінші және екінші жаһанданудың нәтижесін талдап, 30 дамыған елдің қатарына Қазақстанның тұрақты енуін және жоғары орташа әлемдік эконимиканың өсуінің қарқынын қамтамасыз ететін негізгі бес басымдықты анықтады.
Барша қазақстандықтар сияқты, Қызметтің қызметкерлері Елбасының ұсыныстарын қолдап, елдің одан әрі дамуын анықтаудағы осындай шаралардың маңыздылығы жөнінде біртұтас ойын жеткізді.Талқылау қорытындысы бойынша қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған Елбасы жолдауы елдің дамуындағы жаңа кезеңді ашады деп атап өтілді.
 
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы