ZhambyL PosL 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының пункттерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Тараз қалалық «Нұр отан» ХДП Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қаржау Бекболат, қалалық мәсдихаттың депутаты – Тараз қалалық №1 мектеп гимназиясының директоры Ләззат Әбілдақызы Қызылкулова қатысты.
Қаржау Бекболат Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаңа экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру, жаһандық бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіріп, 30 дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алу қажеттігі жайлы, ол үшін Елбасы Жолдауындағы бес негізгі бағыттарын тиімді орындау туралы тоқталып, аталмыш бағыттарды өз деңгейінде орындау арқылы экономикамыдың орта әлемдік деңгейден асатындығы жайлы сөз қозғады. Ол сондай-ақ өз сөзінде Жамбыл облысының қол жеткізген жетістіктері мен облыстың болашаққа жасаған жобасы мен жоспары туралы да тоқталып өтті.
ZhambyL PosL 2 Мұнан әрі сөз алған қалалық мәсдихаттың депутаты Ләззат Қызылкулова үшінші жаңғыру – бұл болашаққа деген сенімді көпір іспетті, яғни бұл дегеніңіз 2050-Стратегиясына барып қосылу деп қадап айтты. Ол сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасында да жүргізілетіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы Жолдауы арқылы әрбір азаматқа жаңа дәуірдің дамушы бағыттарын көріп тұрғандығын жеткізгісі келетіндігін баса айтты.
Жиналыс соңында Мекеме бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев Қазақстан Республикасының әрбір азаматы – яғни біздің әрқайсысымыз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген тапсырмаларын жақсы білуіміз және оны орындауға ұмтылуымыз қажет екендігін тілге тиек етті.
 
Гарифова Мадина
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің
кадр жұмысы бөлмінің бас маманы