Nasyrova Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер болып келетін заманауи әлемнің маңызды проблемаларының бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған теория және практика жүзінде қалыптасқан механиздер жеткілікті, бірақ көп емес елдердің мәртебесі көрсеткендей осы күресте көптеген жетістіктерге жеттік.
Шет елдердің тәжірибесінің қорытындысы елдегі «сыбайласқан емес» сау климатты жоғарылатуға бағытталған мемлекеттердің арнайы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің шыққан жері болып отырғанын көрсетті.
Құқық қорғау іс-әрекетінің ашықтығы мен айқындығың қағидасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді реттейтін маңызды факторлардың бірі.
Шет елдердің талдауы Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресуде дұрыс жол таңдағанын дәлелдейді. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саясатында бірізділік пен мақсаттылық барын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, «Мемлекет басшысының Бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жоспарын» жүзеге асыру шектеуінде күшіне енген заңға тәуелді құқықтық нормативтік актілер дәлелдейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу саласындағы жаңа заңнамалардың негізгі тапсырмалары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын құруға, жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен себептерді анықтауға және олардың салдарын жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін субъектілердің өзара іс-әрекеттерін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуына, жемқорлық құқықбұзушылықты ашу, тергеу, айқындау және оның жолын кесуге бағытталған.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайын қызметкерлер арасында жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар жоспары өңделеді.
Жоспардың тармақтарын орындау бойынша жұмыс жүйелі түрде атқарылып келеді. Мекемеде азаматтардың өтініштері мен арыздары қабылданатын жәшік орналастырылған, жолдауларды тіркейтін журнал бар, сенім телефоны жұмыс жасайды, Департамент басшылары кестеге сәйкес жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды іске асырып келеді.
Жеке құраммен жұмыс назардан тыс қалған емес. Кәсіби қызметтік даярлау шектеуінде жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында сабақтар өткізіліп, психолог-мамандар жұмыс жасайды.
Жыл сайын «Жемқорлыққа тосқауыл!» (үздік ұранға) акциялар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, әскери-қызметтік тәртіпті және салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған ациялар, «Жемқорлықсыз ел- гүлденген ел» (берлілген ұранды қызметкерлердің түсіндіруі туралы видеобейне) акциясы өткізіліп келеді.
Акциялардың мақсаты қызметкерлерде жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру.
Барлық өткізіліп отырған іс-шаралар спекторына қарамастан жемқорлықтың алдын алудағы істің ең мағызды да, ұтымды құралы жұмыстағы бірбеткейлік, бірізділік және беріктік. Бұл жұмыс аз ғана адамдарға ғана емес, барлығының және әр адамның қолданыстағы заңнамалар талаптарын түсінуі мен сақтауына байланысты.
 
Ә. Насырова
Павлодар облысы ТЖД
Кадр жұмыстары бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі