Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында белгіленген 5 басым бағытын жүзеге асыру мақсатында 20 ақпаннан 20 наурыз аралығында «Гүлденген ел - сыбайлас жемқорлықсыз ел» атты науқан өткізілуде. Елбасы Қакзақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижелілігі барша қоғамның белсенді қатысуына байланысты деп атап өтті.
Науқанның мақсаты Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және онымен күресте шаралар қолдану болып табылады. Мұндай акциялар бүгінгі күні мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас болып табылады.
Железин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде аталған науқан аясында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды. Себебі сыбайлас жемқорлық қоғамға саяси, материалдық, қауіпті және басқа да зияндар келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты бағыт – оны болдырмау, демек біз үнемі сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға әрекет етуіміз қажет. Шара соңында қатысушылар заңбұзушылықпен, алаяқтықпен, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қатаң түрде күресу қажет екендігі туралы өз ойларын айтып, пікір таласты.
 
Т.Танжанов
Павлодар облысы ТЖД
Железин ауданының ТЖ бөлімінің бастығы