СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары полковнигі Әсет Ысмағұлов Булаев қаласындағы 12 өрт сөндіру бөлімі мен Возвышенка селосындағы 12 өрт сөндіру постында кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері еліміздің саяси өміріндегі жаңалықтарды бақылап отырады. Ал Президент Жолдауымен бірінші күні-ақ танысып үлгерді. Бүгін әлем жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге бетпе-бет келуде. Әлемдік экономика қаржылық-экономикалық дағдарыстың пәрменді соққыларынан оңалған жоқ. Сондықтан осындай жағдайларды сүрінбей өту үшін әрбір азамат мемлекет дамуының негізгі басымдықтарын білу керек.
«Біздің ел тәуелсіздіктің 25-жылында үлкен жетістіктерге жетті. Біз 57 мемлекет қатысқан қысқы спартакиаданы сәтті өткіздік. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болдық. Еліміздің астанасында «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі өтеді. Осындай айтулы жетістіктерге жетуде халқымыздың қосқан үлесі орасан зор, біздің табысқа жету құпиямыз, Үкіметіміздің нұсқауларын белсенді әрі сапалы орындауда жатыр. Сол себепті Елбасы Жолдауы өрт сөндіру қызметінің әрбір қызметкері үшін маңызды оқиға. Және де әрбіреуіміз алға қойылған міндеттерді орындау үшін барымызды салудамыз», - деді Ә. Ысмағұлов.
Кездесулер өте белсенді әрі қызықты өтті. Талқылауға қатысушылар тіршілік әрекетінің барлық саласын қамтып, ең бастысы, ел дамуының басты мақсаттарын зерттеп, қызу талқылады. Қазақстанның алдында үлкен де қиын жол күтіп тұр, ал егер әрбіріміз Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысса, біз Қазақстанды одан да дамыған әрі гүлденген елге айналдырамыз.
 
Азаматтық қорғау майоры Жанат Сейпілов
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
ӨСжАҚЖҚ Булаево қ. 12-өрт сөндіру бөлімінің бастығы