17 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының тармақтарын түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Жамбыл облысы ақпараттық тобының өкілдері: «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Л.А. Лысова және «ҚР Ұлттық банкі» Жамбыл филиалы директорының орынбасары Н.М. Берикбосынов түсіндіру жұмыстарымен сөз сөйледі.
Аталмыш іс-шараға ТЖД барлық жеке құрамы қатысты.
17 2 Ұлттық банк Жамбыл филиалы директорының орынбасары Қазақстанның үшінші жаңғыруы, жаңа экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру, жаһандық бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы айтып өтті. Банк өкілі 30 дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алу қажеттігі жайлы, ол үшін Елбасы Жолдауындағы бес негізгі бағыттарын тиімді орындау туралы тоқталып, аталмыш бағыттарды өз деңгейінде орындау арқылы экономиканың орта әлемдік деңгейден асатындығы жайлы түсіндірді. Ол ақшалай-несие саясатын болашаққа анықтау - еліміздің экономикалық тұрақтылығына жетуідің басты басылымдықтар екенін атап кетті.
17 3 Сөз алған Л.А. Лысова Үшінші жаңғыру – бұл болашаққа деген сенімді көпір іспетті, яғни бұл дегеніңіз 2050-Стратегиясы мақсаттарына барып қосылу, ал төртіншы басымдық – адам ұрпағы капиталын жақсарту – полиэтностың маңыздылығын көтеру туралы айтты. Қазақстан өзінің негізгі принципі ретінде мәдениет пен бейбітшілікті таңдап, өзге елге үлгі болып, түрлі діндер мен тілдерде сөйлегеніне қарамастан, бір Отанда бейбіт ғұмыр кешуде. Бұл тұжырымды көптеген елдер мойындағанымен небәрі санаулы мемлекеттер ғана күнделікті тіршілік барысында қолдануда. Ел Президентітің дұрыс саясатты бағытының арқасында қазақстандықтар этносаралық қатынастың бірегей үлгі моделін жасады және барлық реформаларды өмірге еңгізе отырып, бірге өмір сүруге үйренді.
Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Л.А. Лысова өз сөзінде Жамбыл облысында орын алған проблемалар туралы айтып кетті. «Мәңгілік Ел- «Нации единого будущего» көрсетілген паотриоттық бастаманың өзі міне осы.
Сөз сөйлеушілер залдағы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қоғалған мәселелерді депутаттық корпуста қозғайтынын айтты.
Іс-шараның соңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы келген қонақтарды ауқымды отырыс үшін алғыс айтты және мықты және қуатты болу үшін әр қайсысымыз өз жұмысында үздік болып, Жолдауда қойылған мақсаттарға ұмтылу үшін жалпы ортақ тырысуымыз қажет.
 
С. Мұнатаева
Жамбыл облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы