4 Poslanie Kz Orda 3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Үшінші жаңғырту - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі», бесінші басымдық - институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ерекше атап өтті. Елбасы терроризмнің өсуі және шетелдік террористік ұйымдармен байланыс және діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.
4 Poslanie Kz Orda 2 Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбында кезекті ақпараттық-сабақ өткізілді. Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша қызметкері Раханов Бауыржан террористік актілермен дабыл бойынша күдікті зат табылған жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-әрекеттері туралы ережелері мен мінез-құлық тәртібін атап өтті. Әңгіме барысында ол төтенше жағдайлар мен террористік актілерді болдырмау жөнінде жалпы ұсынымдар берді.
4 Poslanie Kz Orda 1 «Лаңкестікке қарсы ең басты қару – қырағылық жоғалтпау және сабырлық сақтау», - деді Алмаханов Шыңғыс.
Бұдан әрі Жанұзақов Еркебұлан Қасиетті Құраннан терроризм, экстремизм және кез келген зорлық-зомбылықты Ислам айыптайтын дәйексөздерді мысалға келтірді.
Қорытындылай келе қатысушылармен терроризмге және экстремизмге қарсы әр түрлі қауіп-қатерлердің іс-қимыл бойынша осындай бірлескен іс-шаралардың пайдасы атап өтілді.
 
 
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөдіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі