25 Astana vstre4a 1 Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамның Түрік этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Аскер Пириевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында Аскер Пириев, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының жалпы ұлттық контекстінде қазақстандық құндылықтар туралы, сонымен қатар тарихи естелік пен жалпы тарих негізінде қазақстандық бірлік пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайту қажеттігіне тоқталып өтті.
25 Astana vstre4a 2 «Жаңа кезең өзгерісі аясында Қазақстанда жаңару және үздік жаңа идеялар арқылы келешек құрудың бірегей тарихи мүмкіндігі бар. Уақыт тоқтамайды, сонымен жаңғырту да тарих секілді - үздіксіз үрдіс» - деп А.А. Пириев мемлекет басшының сөзін келтірді.
Кездесу рухани әрі дұрыс сана-сезімді дамыту, Қазақстанның көп ұлтты халқының мәдениеті мен тарихына құрмет, ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін қоғамдағы келісім мен бірлікке, патриоттыққа және азаматтардың толеранттығына ұмтылу жайында ой қозғау мақсатында өткізілді.
 
Астана қаласы ТЖД КЖБ