6-тармақ бойынша.  
2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Комитет төрағасы полковник В.Р. Беккердің қатысуымен «Жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу шаралары» тақырыбында брифинг өтті.
2017 жылғы 15 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде «2017 жылғы су тасқыны кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қатмамасыз ету туралы» тақырыбында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин қатысуымен брифинг жоспарлануда.
8-тармақ бойынша.
ТЖК және оның аумақтық бөлімшелері Жолдаудың негізгі басымдықтарын талқылау және зерделеу бойынша әртүрлі кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен басқа да түсіндіру іс-шаралары өткізілуде.

2017 жылғы 31 қаңтарда ТЖК төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов ТЖК-ның жеке құрамы алдында Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп, тыңдаушылардың назарын елдің экономикалық дамуының барлық бес негізгі басымдықтарына аудара отырып, қазіргі Жолдаудың негізгі мәнін жеткізді. 

Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша осыған ұқсас жұмыстар ТЖК-ның аумақтық бөлімшелерінде (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Алматы,  Маңғыстау облыстарында, Алматы және Астана ққ. ТЖД) жүргізілді

2017 жылғы 2 ақпанда, 4-7 ақпан аралығында ТЖК Көкшетау техникалық институтында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау бойынша курсанттармен жиналыстар өткізілді. Аталған іс-шаралар КТИ сайтында жарияланды.

2017 жылғы 8 ақпанда Көкшетау техникалық институтында күндізгі факультеттің курсанттардың қалалық мәслихат депутаты Тимур Искаковпен, «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Жанаргүл Жүнісовамен, өңірдің Сыбайлас жемқорлықпен күресу және мемлекеттік қызмет ҚР Агенттігінің департаментінің өкілі  Даниар Каконовпен кездесуін өткізді. Осы іс-шараның мақсаты Жолдауды талқылау және түсіндіру.

2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.С.Измухамбетов, Ж.А.Жарасов, Е.Ө.Бектұрғанов және облыстық маслихаттың хатшысы Қ.Р. Балабиев үгіт-насихат тобында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамымен кездесіп, Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2017 жылғы 24 ақпанда Ақтөбе облысының ТЖД Жолдауды талқылауға арналған кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе қаласы іскер әйелдер ассоциациясы» мүшесі Г.И.Булатова, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы  кіші ассамблеясының гректер ұлттық-мәдени орталығының директоры Я.Н.Липириди және облыстық ішкі істер басқармасының үйлестірушісі, мәдениет қоғам қайраткері Е.Ж.Құрманбеков қатысты.

Павлодар облысы ТЖД облыстық мәслихатының депутаты А.К.  Оспанова және №15 алғашқы партиялық ұйымының төрағасы белсенді мүшесі   К.К.Музалевскийдің қатысуымен кезекті Жолдауды түсіндіру бойынша жұмыс өткізілді.  Әңгіме барысында депутат бес негізгі басымдылық бағыттарын айтып, бұл  экономиканың жылдам технологиялық жаңғырту, бизнес-ортасын жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылығы, адам капиталы сапасын жақсарту және институционалдық қайта құрылу, сыбайлас жемқорлықпен күресу.  

ТЖК-ның интернет-ресурсында «ҚР Президентінің Жолдауы» бөлімінде ҚР Елбасының жаңа Жолдауын түсіндіру бойынша жүргізілген жұмыс туралы 17 баспасөз парағы орналастырылған.

9-тармақ бойынша.
ТЖК, Көкшетау техникалық институтының, аумақтық бөлімшелерінің ведомстволық интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдаудың толық мәтіні орналастырылды.
10-тармақ бойынша
2017 жылғы 2 наурызда  «Литер» газетінің интернет-редакциясында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары полковник Т.Қ.Нұрмағамбетовтың «1 марта – Международный день гражданской обороны» атты мақаласы жарияланды.
Ағымдағы жылғы 20 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің «Казахстанская правда» газетінде «Экспо-2017» объктілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғау орагндарының қызметі туралы мақаласы шығуы жоспарлануда. 
2017 жылғы 11 наурызда «Деловой Казахстан» газетінде  Алматы қаласының ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ.Әубәкіровтың «Реализация Послания Президента РК Н. Назарбаева и совершенствование служб гражданской защиты» мақаласы жарық көрді.
2017 жылғы 14 ақпанда «Огни Мангистау» облыстық газетінде Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі К.Базарбаевтың «Глобальная конкурентоспособность – надежный мост в будущее» мақаласы жарық көрді.   
 2017 жылғы 24 ақпанда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі К.Базарбаевтың «Болашаққа бастайтын сенім көпірі» мақаласы жарияланды.  
11-тармақ бойынша.
Комитеттің ведомстволық интернет-ресурсында «ҚР Президентінің Жолдауы» бөлімінде «2016 жылдың қорытындылары бойынша азаматтық қорғау органдарының  жұмыстың нәтижелері туралы» инфографика (9 слайд) орналастырылды.
13-тармақ бойынша.
2017 жылғы 14 ақпанда Созақ ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры С. Искаковтың «СозақТВ» телеарнасында сөз сөйлеуі және 2017 жылғы 14 наурызда Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Туматовтың «ТВК» телеарнасында Жолдаудың басымдықтары туралы сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.  
2017 жылғы 17 ақпанда «Қазақстан Петропавл» облыстық телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасының тікелей эфирде Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр қызметі бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры С. Шакабаев сөз сөйледі. Ол құқық қорғау органдарына қызметке түсуге баланысты Қазақстан Республикасы заңнамалығында өзгерістер, КТИ-ға оқуға түсу туралы айтты. Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемесінің өкілі Жолдауда Президентпен қойылған мақсаттарды орындауға назар аударып, аумақтық бөлімшесінің жетістікер және ағымдағы жылдың мақсаттары туралы атап өтті.  
2017 жылғы 11 наурызда Алматы қ. ТЖД халықты ақпараттандыру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты аға инженері С.Баймухамбетова және Бостандық АТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Ахметқалиев  «Қазақ радиода» «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру және азаматтық қорғау қызметтерін жетілдіру» туралы сөз сөйледі.