6-тармақ бойынша.  
27 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде ТЖК төрағасының бірінші орынбасары С.К.Битаевтың қатысуымен «Тұрғын үй секторында жылы беру маусымына дайындық» тақырыбына брифинг өтті.
11 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің қатысуымен өңірлерде сел қаупін азайту бойынша шараларға арналған баспасөз конференциясы өтті.
19 қазанда Құтқарушы күні мерекелеу құрметіне арналған салтанатты іс-шара өткізу кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.
7 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде ТЖК ресми өкілі Р.Ю. Иманқұловтың, ІІМ ӘПК және ҚР БҒМ өкілдерінің қатысуымен «Қысқы кезеңде және каникулда балалардың қауіпсіздігі» тақырыбына баспасөз конференциясы өтті, онда балалардың қауіпсіздігіне назар аударыла отырып, улы газдың және тұрмыстық өрттің профилактикасы тақырыбы жарияланды.
24 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің қатысуымен «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық туралы (қар басу)» тақырыбына брифинг болып өтті.
Бұдан басқа, ТЖ департаменттері Өңірлік коммуникациялар қызметтерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы және алдын алу бойынша брифингтер өткізілді.
12 қазанда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау филиалының алаңында ТЖД бастығы К.Б. Базарбаевтың, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Е.А.Мәуленовтың қатысуымен «19 қазан – Құтқарушы күні» тақырыбына брифинг өткізілді.
14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығына арналған брифинг өтті.  
7-тармақ бойынша.            
24 қарашада «24 Хабар» телеарнасының «Интервью» телебағдарламасында «Құтқару қызметінің қыс кезеңіне дайындығы» тақырыбына Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин сөз сөйледі.  
8-тармақ бойынша.
ТЖК аумақтық бөлімшелері Жолдаудың негізгі басымдықтарын талқылау және зерделеу бойынша әртүрлі акциялар, кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен басқа да түсіндіру іс-шараларын өткізіліп жатыр.
25 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағында жасақтың басшысы А.Тезекпаевтың төрағалығымен және Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.Салимовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған кеңес өтті. 
10 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде «Қоғамдық келісім және ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» тақырыбына Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.Салимовтың қатысуымен семинар өтті.
14 қазанда Алматы қаласының ТЖД базасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Отырыста «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылу мәселелері қаралды. Қарастырылған мәселе бойынша негізгі баяндаушы - Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин болды. Іс-сапар барысында сенаторлар Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қауіп-қатерін азайту орталығында, Республикалық жедел құтқару жасағында болды, онда құтқару бөлімшесінің техникасымен және оқу-жаттығу базасымен таныс болды.
10-тармақ бойынша.
2016 жылдың басынан бері ТЖК интернет-ресурсында Жолдау тақырыбында бойынша өткізілген іс-шаралар туралы 50 баспасөз парағы, ТЖК аумақтық бөлемшелерінің интернет-ресурстарында 90 материал орналастырылды. Республикалық, облыстық және жергілікті
БАҚ-та, сонымен қатар ТЖД ведомстволық баспа басылымдарында  40 материал жарияланды.
«Пожарный и спасатель» журналында жыл басынан бастап барлығы 20 мақала жарияланды:
- 2016 жылғы № 9 (қыркүйек) санында Астана қаласы ТЖД «Во благо страны едиными усилиями мақаласы», Батыс Қазақстан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы М.Хайрекеновтың «Четверть века в мире и согласии» атты мақаласы;
- 2016 жылғы №11 (қараша) санында Батыс Қазақстан облысы  ТЖД басқармасының бастығы Е.Турегелдиевтің «Его политика созидания» мақаласы,  Алматы облысы ТЖД бастығы Д.Байсариевтің «Путь прогресса и процветания» мақаласы, Павлодар қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары К.Бертыбаевтың  «Реформа для роста – наш путь» мақаласы, Жамбыл облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Е.Кетебаевтың  «Қызметтік этиканы жетілдіру қолға алынды» атты мақаласы.
12-тармақ бойынша
Комитеттің ведомстволық интернет-ресурсында «ҚР Президентінің Жолдауы» бөлімінде «2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері туралы» инфографика (11 слайд) орналастырылды.
13-тармақ бойынша
Көкшетау техникалық институты 2016 жылғы 6 қаңтарда Жолдаудың бағыттары бойынша іргелі аналитикалық мақалаларды дайындау жоспарын әзірлеп, бекітті.
Сонымен қатар ТЖК интернет-ресурсында ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте  «Көкшетау техникалық институтының курсанттары Ант қабылдады», 6 қазанда «КТИ-да дін сұрақтары бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобы», 13 қазанда «VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция», 23 қарашада «Білім және ғылым-2016» Қазақстандық халықаралық білім беру көрмесіне институттың дәстүрлі қатысуы» атты баспасөз парақтары орналастырылды.
Баспа басылымдарында мынадай мақалалар жарияланды: «Степной маяк» облыстық газетінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №72 санында «Быть спасателем – быть патриотом» мақаласы, «Арқа ажары» облыстық газетінде 2016 жылғы 20 қазандағы №29 санында «Ел қорғаны» мақаласы, «Степной маяк» облыстық газетінде 2016 жылғы 18 қазандағы №80 санында «Мужественные и благородные» мақаласы.
15-тармақ бойынша.
ТЖК, Көкшетау техникалық институтының, аумақтық бөлімшелерінің ведомстволық интернет-ресурстарында Жолдаудың толық мәтіні және Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал орналастырылды.