10 Posl PVLDr 1 Павлодар облысы ТЖД және бағынысты бөлімшелері жеке құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жиналысы болды. Ұжым алдында Павлодар қаласы №2 ауруханасының бас дәрігері А.К.Сейітқазынов ҚР Президентінің жаңа Жолдауындағы негізгі аспектілерін талқылады және сонымен қатар осы жылғы Жолдау – бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде дәрігерлерге қатысты нақты практикалық істер бағдарламасы екендігін атап айтты.
А.К.Сейітқазынов «Индустрияландыру және экономикалық өсім» реформасында медицина саласының дамуы соңғы орындарда еместігін түсіндіріп. 80-ші қадам білдіреді: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу.
10 Posl PVLDr 2 Қазіргі уақытта халықты сауықтыру, мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі принципі негізінде денсаулық саласының қаржылық тұрақтылығын күшейтуге ықпал ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізілуде. Біз «100 нақты қадамдар» ұлттың жоспары негізінде үшінші жаңғыртуды өткізудің маңыздылығын танып білуіміз қажет.
Бүгінгі таңда бес институционалдық реформалар бойынша Ұлт жоспарының 80-ші қадамын іске асыру аясында Павлодар қаласында қала тұрғындарының мекен-жайлары бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне тіркеу жөнінде алдын ала түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
А.К.Ситқазинов ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап 1 шілдеге дейін адамдарды тіркеу жұмыстарының жүзеге асатындығын баса айтты. Ал 2018 жылдың басынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі, ол әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры қаржысының есебінен Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерi және табысна қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен медициналық және фармацевтикалық көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді.
Сонымен бірге ол әлеуметтік осал топтардың қатысуы мемлекет тарапынан қолдау алатынын да айтты. Талқылау барысында №2 емхананың бас дәрігері ТЖД қызметкерлерінің барлық сауалдарына кәсіби және түсінікті түрде жауап берді.
Ол сөзінің соңында, қала тұрғындарын уақытында өздерінің тұрғылықты жерлерi бойынша Павлодар қаласының емханаларына тіркелуге шақырды. Тек сонда ғана біз МӘМС енгізу нәтижесінде қала мен облыста көрсетілетін медициналық көмектің айтарлықтай жоғары деңгейде аламыз деді.
 
Павлодар облысының ТЖД Кадр жұмысы бөлімі