Ел Президенті мемлекеттің саяси бағымын таңдап, жыл сайын Қазақстан халқына өз жолдауымен сөз сөйлейді. Ол алдына қойған мақсаттарына жету үшін жолында алдағы адымдарын түсіндіреді. Президенттің көрегендік жоспарлары орындалуда және осы «ұлы халықтың» қиындықтарды жеңіп, Қазақстанды болашақ ұрпақ үшін өркендеуші ел ретінде қалдыруға қауқарлығы бар екенінің тағы бір дәлелдейді. Қазақстанның Тәуелсіздігі кезінде жеткен жетітіктері, олар: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігі, Алматы қаласындағы Халықаралық Универсияда-2017, «ЭКСПО-2017»Халықаралық көрмесі және басқада көптеген жайттар Қазақстанның мәртебесін халықаралық алаңда шыңдатуда.
2050 Стратегиясын уақтылы қабылдаудың арқасында қазір Қазақстан дамудың күрделі жолдарынан өтуде. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында экономикалық өсудің жаңа моделінің қажеттігі, ол еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіні атап кетті. Елбасы экономиканың өсуін үрдісін қамтамасыз ететініне қабілетті бес негізгі басымдыққа бөлді, бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық; төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту; бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Үшінші жаңғырудың табыстары және жалпы еліміздің әрі қарай ғылымның, технологияның жеделдел дамуын ескере отырып қоғамда дамуы, еліміздің азаматтарының сұранысы жалпы қоғамға және еліміздің әр азаматына байланысты. Біз бәріміз Елбасының белгілеген жаңа экономикалық жаңғырудың стратегиялық басымдығының маңыздылығын түсінуіміз қажет. Дәл осылар еліміздің мүлдем басқа дәрежеге шығуына, яғни азатты және өркендеуші Қазақстан құруының жаңа кезеңі.
Б. Данилов,
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы