2017 жылдың 9 тамызында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағында Қазақстан Республикасының Елбасының жолдауын «Қазақстанның үшінші қайта жаңғыруы: Жаhандық бәсекеге қабілеттілік» туралы түсіндірме – семинар өткізілді.
ЖҚЖ басшысы Ю. Салагаев Жолдаудың маңызды тұстарын атап өтті. Мемлекетіміз даму дәрежесінің 25 жылын абыроймен өтті. Біз өз мемлекетімізді мақтан етеміз. Осы жылы Астана қаласында халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтуде. Біз ТМД және Орта Азия елдері арасында алғаш рет аса маңызды әлемдік дәрежеде іс – шара өткізудеміз. КСРО қираған үйінділерінен ширек ғасыр бұрын өз жолымызды бастағанымыз, бәріміздің есімізде.Сол кезеңде біздің ұрпақ әлемдік картада болмаған жаңа мемлекеттің тасын қалады. Біздің Сол кезде Президентімізге елді күйзелістерден, азаматтық және экономикалық құлдыраудан ұстап қалу түбегейлі маңызды болған. Бұл жаңғырту - ағымдағы жаhандық сынмен күресу жоспары емес, 2050-стратегия жоспарына қарсы болашаққа сенімді көпір. Ол «100 нақты қадам» негізінде ұлтымыздың Жоспары бойынша өткізіледі.
Семианр соңында ЖҚЖ қызметкерлері Президентіміздің идеологиясын және саясатын толығымен қолдайтының айтты.
 
Ибраева Роза,
Жамбыл облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы