26 Mang Latyn 1 Қазақ тілі – бұл біздің рухани тірегіміз. Тіл – әр ұлттың жаны. Қандайда бір мемлекеттің саясаты ұлт құрап отырған мемлекеттің ұлтының тарихына, салт-дәстүріне және құндылықтарына сәйкес. Мемлекеттің айбыны мемлекеттік тіл жоғарғы дәрежеде болғанда одан да өсе түседі. Туған тіліңе, ұлттық құндылықтарға және салт-дәстүрге махаббат ана сүтімен беріледі.
2017 жылдың 30 қазанында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті залында жеке құрамға және ардагерлерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығы жеткізілді.
Елбасы өзінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласында «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», - деді.
26 Mang Latyn 2 Осылайша ол тіл мәселесіне басты көңіл бөліп: «Бізге, 2025 жылдан бастап әліппені латынға, латын әліппесіне көшуді бастауымыз қажет. Бұл ұлтың өзі үшін шешетін түбегейлі мәселе. Тарихта біз бұндай қадамдар жасадық. Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз бұндай шешімді қабылдауымыз қажет. Бұл бідің әлеммен ықпалдасуымызға, біздің балаларымыздың ағылшын тілін және ғаламторды тез меңгеруге жағдай жасайды. Біз қазақ тілін жаңғыртуымыз қажет. Тілді бүгінгі заманға сай қылу керек, термин сұрақтарын бірыңғайлап, дүниежұзілік және шетел сөйлемдеріндерін қазақ тіліне аударуды біратала шешу», - деді.
Сондықтан тіл өнері бойынша сұрақ –бұл ғылымның ғана іргелілік сұрағы емес, ол, адамның тұрмыстық сұрағы. «Тіл – бұл адамның әлемді өзінің санасына енгізетін иероглифтар, –деп сендірген неміс философы Вильгельм Гумбольдт, – тілдің әртүрлілігі арқылы бізге әлемнің байлығы, адам тұрмысы кеңейе түседі, себебі тіл әртұрлі іс-әрекет көрінісінде әртүрлі ойлану және қабылдауды береді». Оның іргелілік мағынасы, тіл адам өмірінің негізін шоғырландырады және іске асырады.
Елбасы өзінің халыққа Жолдауында жазған: «Жауапты тіл саясаты қазақ ұлтының басты нығайту факторы. Қазақ тілі – бұл біздің рухани тірегіміз. Біздің мақсатымыз –барлық слада қарқынды пайдаланып, оны дамыту. Біз біздің ұрпаққа мұра ретінде осы заманғы тілді қалдыруымыз керек,ол арғы атамыздан қалған тәжірибемен қоса біздің де із қалады. Бұл тапсырма, оны әр өзін –өзі құрметтейтін адам жекеше шешу керек».
 
Маңғыстау облысы ТЖД